«Күй толқыны» мерекесі аясында
«Күй толқыны» мерекесі аясында мектебімізде ұлттық өнерді насихаттауға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар қазақтың дәстүрлі күй өнерін орындап, көрермендерге рухани әсер сыйлады. Шараның мақсаты – оқушыларға ұлттық мәдениет пен өнердің маңызын түсіндіру, күй өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру. Мерекелік бағдарлама барысында бірнеше сынып оқушылары күй орындап, өлеңдер оқып, ән шырқап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. [media= ]