Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Биыл біз 91 түлекті үлкен өмірге шығарып салдық. 91 арман, 91 мақсат, 91 жаңа бастау… 🎓
25
май
2026

Биыл біз 91 түлекті үлкен өмірге шығарып салдық. 91 арман, 91 мақсат, 91 жаңа бастау… 🎓

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қадірлі қонақтар және аяулы түлектер!
Бүгін №143 мектеп-лицей үшін ерекше де толғанысты күн. Мектеп қабырғасында білім алып, балалықтың бал дәуренін өткізген 11-сынып түлектеріне арналған «Мектебім жүрегімде!» атты Соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті.

Биыл біз 91 түлекті үлкен өмірге шығарып салдық.
91 арман, 91 мақсат, 91 жаңа бастау… 🎓

Қымбатты түлектер, алдарыңыз ашық, жолдарыңыз жарық болсын!
Армандарыңыз орындалып, биік белестерді бағындыра беріңіздер! ❤️

Ұстаздарға — қажырлы еңбегі үшін алғыс, ата-аналарға — қолдауы үшін ризашылық, ал түлектерге — ұмытылмас мектеп жылдары үшін рақмет!
Көптен күткен соңғы қоңырау үні сыңғырлап, түлектер үшін балалық шақпен қоштасудың символына айналды. Бұл күн – мектеппен қоштасу ғана емес, үлкен өмірге бастар жаңа қадамның бастауы.
«Мектебім жүрегімде!» атты мерекелік жиын түлектердің жадында мәңгі сақталатын ерекше күн болды. Мектептен алған тәлім мен тәрбие, ұстаздардың ыстық ықыласы әрқашан олардың жүрегінде сақталары анық.
Түлектерге сәт сапар, жарқын болашақ және үлкен жетістіктер тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: