13
март
2026
«Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы аясында
Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы аясында Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушылары арасында «Экологиялық мәдениет» тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру және табиғатты аялауға үндеу. Қатысушылар өз шығармаларында экологиялық мәселелерді қозғап, оны шешу жолдары туралы ой-пікірлерін білдірді.
Үздік деп танылған жұмыстар арнайы марапаттарға ие болды.Пән мұғалімі: Әбдрахман Майнұр Ыбраймжанқызы