26
май
2026
10-сынып оқушы-жасөспірімдері арасында өткізілген оқу-дала жиыны
2026 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің №73652 әскери бөлімінің аумағында Алматы қаласы Жетісу ауданының жалпы білім беретін мекемелерінің 10-сынып оқушы-жасөспірімдері арасында өткізілген оқу-дала жиыны жоғары ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейде өткізілді. Аталған іс-шараны өткізу оқушылардың алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәнін оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын тәжірибе жүзінде бекітуге ықпал етті.
Оқу-дала жиыны барысында оқушылар әскери қызметшілердің күн тәртібімен, саптық дайындық элементтерімен, атыс дайындығының негіздерімен, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдармен, сондай-ақ бөлімшенің қару-жарағы және әскери техникасымен танысты. Сонымен қатар білім алушылардың бойында тәртіптілік, жауапкершілік, ұйымшылдық және патриоттық қасиеттерді тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінді.
Жиын бағдарламасы мазмұнды әрі ауқымды болып, қойылған оқу-тәрбиелік міндеттерге толық сәйкес келді. Әскери бөлім басшылығы сабақтардың сапалы өткізілуі үшін барлық қажетті жағдайларды жасап, қауіпсіздік шараларының сақталуын қамтамасыз етті және алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәнінің ұйымдастырушы-оқытушыларына жан-жақты көмек көрсетті.
Оқушылар сабақтарға жоғары қызығушылық танытып, белсенділік пен тәртіптілік көрсетті. Оқу-дала жиынын өткізу жастардың әскери-патриоттық тәрбиесіне, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне деген құрмет сезімін қалыптастыруға және жасөспірімдерді болашақ әскери қызметке даярлауға оң әсерін тигізді.