Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тазалық – әр адамның азаматтық борышы! Таза орта – жарқын болашақтың кепілі! 🌿
07
июнь
2026

Тазалық – әр адамның азаматтық борышы! Таза орта – жарқын болашақтың кепілі! 🌿

2026 жылғы 06 маусым күні Жетісу ауданына қарасты білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында №143 мектеп-лицейінің педагогикалық ұжымы сенбілік жұмыстарына белсенді қатысты.

Іс-шара барысында мектеп мұғалімдері мектеп аумағын тазалап, жасыл желектерге күтім жасап, айналаны абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Ұжымдық еңбек нәтижесінде білім ордасының аумағы көркейіп, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға үлес қосылды.

Акцияның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, тазалықты насихаттау және ұжымдық бірлікті нығайту.

Тазалық – әр адамның азаматтық борышы!
Таза орта – жарқын болашақтың кепілі! 🌿

#ТазаҚазақстан
#Сенбілік2026
#143мектеп-лицей
#ЖетісуАуданы
#Тазалық

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: