«Біз денсаулықты таңдаймыз!»
«Біз денсаулықты таңдаймыз!» тақырыбында Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде спорттық фестиваль өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және достық қарым-қатынасты нығайту. Фестиваль аясында №161 мектеппен бірлескен волейбол ойыны ұйымдастырылды. Жарысқа екі мектептің оқушыларынан құралған командалар қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Спорттық сайыс жоғары деңгейде