Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ☀️ «Шабыт Sport» жазғы сауықтыру лагерінің ашылуы ☀️
01
июнь
2026

☀️ «Шабыт Sport» жазғы сауықтыру лагерінің ашылуы ☀️

☀️ «Шабыт Sport» жазғы сауықтыру лагерінің ашылуы ☀️

Бүгін Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектепішілік «Шабыт Sport» жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылуы өтті.

Лагерьдің ашылу рәсімінде оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен қатысып, түрлі спорттық ойындар мен эстафеталарға белсене араласты. Балалар қызықты тапсырмаларды орындап, достарымен бірге уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізді.

«Шабыт Sport» лагері – оқушылардың денсаулығын нығайтып, спортқа деген қызығушылығын арттыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және бос уақыттарын мазмұнды өткізуге мүмкіндік беретін ерекше орта.

Жазғы демалыс жарқын әсерлерге, жаңа достыққа, спорттық жетістіктерге және көтеріңкі көңіл-күйге толы болсын! ☀️🏃‍♂️🏃‍♀️🏆
Топ тәрбиешілері: Жумабаева А. Пейзова Б. Умбеталиева А.Баймаганбетова Б.Мұрат Б

#ШабытSport #ЖазғыЛагерь #СүйінбайАтындағы143МектепЛицей #Жаз2026 #СпортЖәнеДенсаулық #БалаларДемалысы #БақыттыБалалықШақ

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: