№143 мектеп-лицейінде «Отбасы берекесі – өмір бақыты» атты отбасылық
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде «Отбасы берекесі – өмір бақыты» атты отбасылық сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ ұлттық тәрбиені дәріптеу болды. Сайысқа мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары белсене қатысып, өз өнерлерін, тапқырлықтары мен ұйымшылдықтарын көрсетті. Қатысушылар әртүрлі кезеңдер бойынша бақ сынасты: таныстыру, шығармашылық өнер