16
март
2026
"Жер сағаты" халықаралық экологиялық акциясы аясында
Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы "Жер сағаты" халықаралық экологиялық акциясы аясында Сүйінбай атындағы 143 мектеп-лицейдің 8 «Б» сынып оқушылары "Eco Life" тақырыптық көрмесін ұйымдастырды. Көрменің мақсаты – оқушылардың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыру, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаны аялауға баулу. Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынып, табиғатты қорғау тақырыбында ой-пікірлерін білдірді. Пән мұғалімі : Нысанбаева Малика Сейітжановна