Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ тілі пәні бойынша аралық аттестаттау
28
май
2026

Қазақ тілі пәні бойынша аралық аттестаттау

Алматы қаласы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде қазақ тілі пәні бойынша аралық аттестаттау өткізілді.
Қазақ тілі пәні бойынша аралық аттестаттау туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы нормативтік құжаттарға сәйкес 125-бұйрықтың 35-тармағы негізінде білім алушылардың оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін бағалау мақсатында оқу жылының соңында «Қазақ тілі» пәнінен жазбаша аралық аттестаттау өткізілді.
Аралық аттестаттау негізгі орта білім беру деңгейінде (5–8-сыныптар) және жалпы орта білім беру деңгейінде (10-сынып) ұйымдастырылды.
Жазбаша аралық аттестаттау мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқылым, жазылым және ӘТН (әдеби тіл нормалары) бағыттарын қамтыды.
Білім алушылардың сауатты оқу, жүйелі ойлау, өз ойын жазбаша жеткізу және әдеби тіл нормаларын дұрыс қолдану дағдыларын анықтау мен бағалау аралық аттестаттаудың басты мақсаты болды.
Білім сапасын арттыруға бағытталған аралық аттестаттау оқушылардың жыл бойы меңгерген білімін саралап, тілдік құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік береді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: