«Сардар» кешенді олимпиадасының аудандық кезеңі
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің маңызын дәріптеу және 7 мамыр — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күніне орай Жетісу ауданы мектептерінің 11-сынып оқушылары арасында «Сардар» кешенді олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Аталған білім додасында мектебіміздің оқушысы Баймұхамет Жігер жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, үздік нәтиже арқылы жүлделі І орынға ие болды. Жеңімпаз оқушымызды жетістікке жетелеген жетекшісі Жораев Ғ. еңбегі де ерекше атап өтіледі. Баймұхамет Жігерді шын