13
март
2026
14 наурыз – Көрісу күні.
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде – Көрісу күні атап өтілді.
14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Бұл – адамдар бір-бірімен көрісіп, өткен өкпе-ренішті ұмытып, амандық-саулық тілейтін ерекше күн. Көрісу – халқымыздың бірлік пен сыйластықты дәріптейтін әдемі дәстүрлерінің бірі.
Осы мерекеге орай мектебімізде оқушылар мен ұстаздар ұлттық дәстүрді дәріптеп, бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдірді. Көрісу күнінде жасы кіші адамдар үлкен кісілердің үйіне барып көрісіп шығатыны белгілі. Халық арасында кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар. Әсіресе алдымен құдайы көршінің үйіне кіріп, көрісу – ежелден қалыптасқан жақсы дәстүр.
Бұл күні адамдар бір-біріне денсаулық, береке мен молшылық тілеп, татулық пен достықтың қадірін тағы бір мәрте еске алады. Осындай игі дәстүрлер жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттап, халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелейді.
[media=]