Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай мектеп оқушылары арасында шахматтан жарыс өтті
11
декабрь
2025

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай мектеп оқушылары арасында шахматтан жарыс өтті

“Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай мектеп оқушылары арасында шахматтан жарыс өтті. Жарыстың мақсаты – оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, әділдік, табандылық және жауапкершілік сияқты қасиеттерді қалыптастыру, сондай-ақ ұлттық мерекеге деген құрметті арттыру болды.

Турнирге озық ойлы, белсенді оқушылар қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Ойын тартысты, қызықты әрі жоғары деңгейде өтті. Әрбір қатысушы қарсыласына құрмет көрсетіп, адал ойын принциптерін сақтай отырып, өз мүмкіндігін сынады.

Жарыс соңында үздік ойыншылар анықталып, жеңімпаздар марапатталды. Іс-шара оқушылардың бірлігін нығайтып, Тәуелсіздік күнінің маңызын ұғындыруға үлкен үлес қосты.
[media=]

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: