Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республика күніне орай үстел теннисінен спорттық турнир өтті
21
октябрь
2025

Республика күніне орай үстел теннисінен спорттық турнир өтті

Республика күніне орай үстел теннисінен спорттық турнир өтті

2025 жылдың 21 қазанында мектебімізде Республика күніне арналған үстел теннисінен спорттық турнир ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа деген қызығушылықты арттыру, сонымен қатар ұлттық мерекеге орай патриоттық рухты күшейту болды.

Турнирге әр сыныптың белсенді оқушылары қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Жарыс жоғары деңгейде өтті, қатысушылар әділ ойын көрсетіп, бір-біріне қолдау білдірді. Турнир соңында үздік ойыншылар марапатталып, мақтау қағаздары мен сыйлықтарға ие болды.

Бұл спорттық іс-шара оқушылардың бірлігін, достығын нығайтып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мұндай турнирлер алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз.
Жетекшісі Арзыметов Ержан

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: