Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақ тілі пәні бойынша аралық аттестаттау
28
май
2026
Қазақ тілі пәні бойынша аралық аттестаттау
Алматы қаласы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде қазақ тілі пәні бойынша аралық аттестаттау өткізілді. Қазақ тілі пәні бойынша аралық аттестаттау туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы нормативтік құжаттарға сәйкес 125-бұйрықтың 35-тармағы негізінде білім алушылардың оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін бағалау мақсатында оқу жылының соңында «Қазақ тілі» пәнінен жазбаша аралық аттестаттау өткізілді. Аралық аттестаттау негізгі орта білім беру деңгейінде
21.05.2026 ж . күні қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің мектеп әкімшілігімен бірлескен отырысы өткізілді .
27
май
2026
21.05.2026 ж . күні қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің мектеп
21.05.2026 ж . күні қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің мектеп әкімшілігімен бірлескен отырысы өткізілді . Күн тәртібінде бірлестіктің жылдық жоспарға сай өткізілген іс-шаралар қорытындыланып , келесі оқу жылына арналған жұмыс жоспары талқыланды . Бірлестіктің жыл бойы атқарған жұмыстары мен пән мұғалімдерінің жетістіктері , тоқсандық , жылдық білім сапасы туралы бірлестіктің тәжірибелі ұстазы Г.Қ.Сейілбекова есеп берді . Жалпы алғанда , оқу жылында атқарылған жұмыстардың ауқымдылығын
10-сынып оқушы-жасөспірімдері арасында өткізілген оқу-дала жиыны
26
май
2026
10-сынып оқушы-жасөспірімдері арасында өткізілген оқу-дала жиыны
2026 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің №73652 әскери бөлімінің аумағында Алматы қаласы Жетісу ауданының жалпы білім беретін мекемелерінің 10-сынып оқушы-жасөспірімдері арасында өткізілген оқу-дала жиыны жоғары ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейде өткізілді. Аталған іс-шараны өткізу оқушылардың алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәнін оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын тәжірибе жүзінде бекітуге ықпал етті. Оқу-дала жиыны барысында оқушылар
Биыл біз 91 түлекті үлкен өмірге шығарып салдық. 91 арман, 91 мақсат, 91 жаңа бастау… 🎓
25
май
2026
Биыл біз 91 түлекті үлкен өмірге шығарып салдық. 91 арман, 91 мақсат,
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қадірлі қонақтар және аяулы түлектер! Бүгін №143 мектеп-лицей үшін ерекше де толғанысты күн. Мектеп қабырғасында білім алып, балалықтың бал дәуренін өткізген 11-сынып түлектеріне арналған «Мектебім жүрегімде!» атты Соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Биыл біз 91 түлекті үлкен өмірге шығарып салдық. 91 арман, 91 мақсат, 91 жаңа бастау… 🎓 Қымбатты түлектер, алдарыңыз ашық, жолдарыңыз жарық болсын! Армандарыңыз орындалып, биік белестерді бағындыра беріңіздер! ❤️
№5 Педагогикалық кеңес
25
май
2026
№5 Педагогикалық кеңес
№5 Педагогикалық кеңес Педагогикалық кеңестің тақырыбы: Білім беру ұйымдарында «Заң мен тәртіп» жалпыға бірдей құқықтық білім беру тұжырымдамасы КҮН ТӘРТІБІ 1. Оқу жылының аяқталуы туралы. 2025-2026 оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі. (Мектеп-лицей директоры Батырбекова Н.О) 2. Баяндама. Білім беру ұйымдарында «Заң мен тәртіп» жалпыға бірдей құқықтық білім беру тұжырымдамасы. (Тарих пәні мұғалімдері: Қожахметова Ш.Ж, Сариева Л.А) 3. ІҮ тоқсан және жылдық бойынша білім
«Құқық негіздері» пәні бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды! 👏
22
май
2026
«Құқық негіздері» пәні бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды! 👏
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде құқық негіздері пәнінен қалалық олимпиадаларға қатысып үш жыл қатарынан орын алып жүрген 11 сынып оқушысы Адабай Жанель осы жолы да халықаралық «Әл-Фараби – 2026» олимпиадасына қатысып, «Құқық негіздері» пәні бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды! 👏 Осындай дарынды шәкіртімізді білім шыңына жетелеп, бағыт-бағдар беріп, жетістікке жеткізіп жүрген пән мұғалімі Мая Несіпбекқызына алғысымыз шексіз! Ұстаз еңбегі – шәкірт жетістігімен өлшенеді.
ИФМ  пәндер бірлестігінің 2025-2026 оқу жылындағы атқарған жұмыстары қорытындыланды.
21
май
2026
ИФМ пәндер бірлестігінің 2025-2026 оқу жылындағы атқарған жұмыстары
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде кезекті оқу жылының аяқталуына орай, Математика, информатика және физика пәндер бірлестігінің 2025-2026 оқу жылындағы атқарған жұмыстары қорытындыланды. ​Жиын барысында бірлестік жетекшісі А.З. Исаева өткен оқу жылындағы жетістіктер мен атқарылған ауқымды іс-шаралар туралы жылдық есеп берді. Есеп беру барысында: 📕​Оқушылардың пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардағы жетістіктері; 📗​Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру және ашық сабақтар нәтижесі;
Химия-биология, география пәндері бірлестігінің қорытынды отырысы өткізілді
20
май
2026
Химия-биология, география пәндері бірлестігінің қорытынды отырысы
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде химия-биология, география пәндері бірлестігінің қорытынды отырысы өткізілді. Отырыс барысында 2025–2026 оқу жылында атқарылған жұмыстар сараланып, пән мұғалімдерінің кәсіби жетістіктері мен оқушылардың білім, олимпиада және түрлі байқаулардағы жетістіктері талқыланды. Сонымен қатар, алдағы оқу жылына қойылатын мақсат-міндеттер айқындалып, білім сапасын арттыру бағытындағы жоспарлар қарастырылды. Екінші мәселе бойынша пән мұғалімдері 2026–2027 оқу жылына
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты іс-шара
19
май
2026
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты іс-шара
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты іс-шара – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, қазақ тілінің маңызын түсіндіру және тіл мәдениетін дамыту мақсатында өткізілетін тәрбиелік шара. Іс-шараның мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қоғамдағы рөлін түсіндіру, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатта Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде ақын, жазушылар мен мерейтой иелерінің шығармаларын насихаттау мақсатында "Үштілділік -