04
декабрь
2025
«Адал ұстаз» атты мектепішілік байқау өтті
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде мұғалімдер арасында «Адал ұстаз» атты мектепішілік байқау өтті. Байқаудың мақсаты – педагог мәртебесін көтеру, адалдық құндылықтарын насихаттау және ұстаздардың кәсіби шеберлігін паш ету болды.
Сайыс барысында қатысушы мұғалімдер «адал ұстаз» ұғымының мәнін ашып, адалдық, әділдік, жауапкершілік және үлгі болу сияқты негізгі қасиеттерді өз тәжірибелерімен байланыстыра отырып түсіндірді. Мұғалімдер білім беру үдерісіндегі ашықтықтың маңызын, оқушыға деген құрмет пен сенімнің ролін атап өтті.
Байқауға келесі педагогтер қатысты:
Сағатқан Гүлмира, Күнбасова Жансая, Алтайқызы Маржан, Ескелдиева Мақпал, Сенбай Тұрсынбүбі.
Қатысушылардың барлығы жоғары кәсіби деңгейін танытып, өз тәжірибелерімен және ой-пікірлерімен бөлісті. Байқау нәтижесі бойынша бірінші орынды Алтайқызы Маржан жеңіске ие болды.💐💐
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейі барлық қатысушыларды құттықтай отырып, еңбектеріне шығармашылық табыс тілейді.🙌🏻👏🏻💐