Тазалық – әр адамның азаматтық борышы! Таза орта – жарқын болашақтың
2026 жылғы 06 маусым күні Жетісу ауданына қарасты білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында №143 мектеп-лицейінің педагогикалық ұжымы сенбілік жұмыстарына белсенді қатысты. Іс-шара барысында мектеп мұғалімдері мектеп аумағын тазалап, жасыл желектерге күтім жасап, айналаны абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Ұжымдық еңбек нәтижесінде білім ордасының аумағы көркейіп, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға үлес қосылды.