«Таза орта – жарқын болашақтың бастауы!»
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде «Таза мектеп – таза орта» атты экологиялық акция жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара барысында мектеп аумағында кең көлемде тазалық жұмыстары жүргізіліп, аула аумағы толықтай қоқыстан тазартылды. Жол жиектері сыпырылып, айнала ретке келтірілді, ал жасыл аймақтар күтіп-бапталып, мектептің көркі арта түсті. Бұл шара оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, еңбекке баулу, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.