7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің 10 “А” сынып оқушылары 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай “Мен таңдаған жол” тақырыбында сынып сағатты болып өтті. Мұнда оқушылар интерактивті тақта арқылы психикалық және физикалық денсаулық, стрессті басқару, сондай-ақ салауатты өмір салтының маңызы туралы ақпарат түсіндірді. Презентация барысында денсаулықты сақтау жолдары, дұрыс тамақтану, эмоцияны бақылау, жақындармен сөйлесу және сүйікті істермен айналысу сияқты пайдалы кеңестер айтылды.