Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Таза орта – жарқын болашақтың бастауы!»
03
апрель
2026

«Таза орта – жарқын болашақтың бастауы!»

Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде «Таза мектеп – таза орта» атты экологиялық акция жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шара барысында мектеп аумағында кең көлемде тазалық жұмыстары жүргізіліп, аула аумағы толықтай қоқыстан тазартылды. Жол жиектері сыпырылып, айнала ретке келтірілді, ал жасыл аймақтар күтіп-бапталып, мектептің көркі арта түсті.

Бұл шара оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, еңбекке баулу, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Тазалық – тек сыртқы көрініс емес, ол – әрбір азаматтың ішкі мәдениетінің айнасы екені тағы бір мәрте дәлелденді.

«Таза орта – жарқын болашақтың бастауы!»

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: