"Химия-биология,география" онкүндігі аясында
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде "Химия-биология,география" онкүндігі аясында 11 Ә сынып оқушыларымен «Қазіргі геосаяси қақтығыстар дамыған елдерге тиімді ме, дамушы елдерге зиян ба?" тақырыбында дебат өткізілді. Оқушылар 2 топқа бөлініп, өз ойларын еркін жеткізіп, пікір алмасты.Дебат барысында оқушылар әлемдегі геосаяси жағдайларды талқылап, оның кей елдерге пайдасы, ал кейбір елдерге кері әсері бар екенін нақты мысалдармен сұрақ қойып, жауап беру арқылы пікірталас мәдениетін көрсетті.