Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №143 мектеп-лицейінде «Отбасы берекесі – өмір бақыты» атты отбасылық сайыс өткізілді.
20
март
2026

№143 мектеп-лицейінде «Отбасы берекесі – өмір бақыты» атты отбасылық сайыс өткізілді.

Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде «Отбасы берекесі – өмір бақыты» атты отбасылық сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ ұлттық тәрбиені дәріптеу болды.

Сайысқа мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары белсене қатысып, өз өнерлерін, тапқырлықтары мен ұйымшылдықтарын көрсетті. Қатысушылар әртүрлі кезеңдер бойынша бақ сынасты: таныстыру, шығармашылық өнер көрсету, ұлттық дәстүрлерді дәріптеу және қызықты ойындар.

Іс-шара барысында отбасылар бір-біріне қолдау көрсетіп, ұйымшылдық пен сыйластықтың үлгісін танытты. Көрермендер көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, сайыс ерекше әсер қалдырды.

Сайыс соңында барлық қатысушылар алғыс хаттармен және марапаттармен марапатталды. Бұл шара отбасының қоғамдағы маңыздылығын тағы бір мәрте айқындап, қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлады.
[media=]

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: