Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Химия-биология, география пәндері бірлестігінің қорытынды отырысы өткізілді
20
май
2026

Химия-биология, география пәндері бірлестігінің қорытынды отырысы өткізілді

Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде химия-биология, география пәндері бірлестігінің қорытынды отырысы өткізілді.
Отырыс барысында 2025–2026 оқу жылында атқарылған жұмыстар сараланып, пән мұғалімдерінің кәсіби жетістіктері мен оқушылардың білім, олимпиада және түрлі байқаулардағы жетістіктері талқыланды. Сонымен қатар, алдағы оқу жылына қойылатын мақсат-міндеттер айқындалып, білім сапасын арттыру бағытындағы жоспарлар қарастырылды.
Екінші мәселе бойынша пән мұғалімдері 2026–2027 оқу жылына арналған оқу жүктемесін бөлу мәселесін талқылады. Сондай-ақ, жаңа оқу жылына бірлестік жетекшісі сайланып, алдағы жұмыстардың бағыт-бағдары белгіленді.
Жиналыс барысында бірлестіктің жыл бойы атқарған жұмыстарының нәтижелі болғаны атап өтіліп, мұғалімдердің еңбегі мектеп әкімшілігі тарапынан жоғары бағаланып, кәсіби еңбектері ескерілді. Алдағы уақытта да бірлестіктің сапалы білім мен нәтижелі жұмыс бағытында жүйелі еңбегі жалғасын табатынына сенім білдірілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: