Биыл біз 91 түлекті үлкен өмірге шығарып салдық. 91 арман, 91 мақсат,
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қадірлі қонақтар және аяулы түлектер! Бүгін №143 мектеп-лицей үшін ерекше де толғанысты күн. Мектеп қабырғасында білім алып, балалықтың бал дәуренін өткізген 11-сынып түлектеріне арналған «Мектебім жүрегімде!» атты Соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Биыл біз 91 түлекті үлкен өмірге шығарып салдық. 91 арман, 91 мақсат, 91 жаңа бастау… 🎓 Қымбатты түлектер, алдарыңыз ашық, жолдарыңыз жарық болсын! Армандарыңыз орындалып, биік белестерді бағындыра беріңіздер! ❤️