Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қаржылық сауаттылық бойынша 16 оқу бейне сабақ
12
декабрь
2025
Қаржылық сауаттылық бойынша 16 оқу бейне сабақ
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының мектептер, арнаулы орта және жоғары оқу орындары үшін қаржылық сауаттылық негіздері бойынша оқу бағдарламаларының жобасын әзірлеу жөніндегі 71-тармағын орындау үшін, оның ішінде оқушылар мен арнаулы орта оқу орындары студенттерінің қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында
“Педагогикалық идеялар фестивалі” конкурсы
12
декабрь
2025
“Педагогикалық идеялар фестивалі” конкурсы
Республикалық “Педагогикалық идеялар фестивалі” конкурсының қалалық кезеңінен №143 Сүйінбай атындағы мектеп-лицейдің информатика пәнінің мұғалімі Қожбанов Жұбаншы Мәлікұлы І дәрежелі ДИПЛОМмен марапатталып, республикалық кезеңге жолдама алды. Ал, физика пәнінің мұғалімі Алтайқызы Маржан қалалық кезеңге қатысқаны үшін СЕРТИФИКАТ алды. Құттықтаймыз. 🌹Республикалық кезеңге өткен әріптесімізге сәттілік тілейміз🌹
№143 мектеп- лицей «Тәуелсіздік басты құндылығымыз» тақырыбында кітап көрмесі
12
декабрь
2025
№143 мектеп- лицей «Тәуелсіздік басты құндылығымыз» тақырыбында кітап
Сүйінбай атындағы №143 мектеп- лицейде мектеп кітапханасында 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік басты құндылығымыз» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.Кітап көрмесінің мақсаты – ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі ету, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.[media= ]
«Менің сүйікті кітабым» тақырыбында 9 сынып оқушылар арасында кітап оқу ұйымдастырылды.
12
декабрь
2025
«Менің сүйікті кітабым» тақырыбында 9 сынып оқушылар арасында кітап
📚Сүйінбай атындағы №143 мектеп- лицейде мектеп кітапханасында «Оқитын ұлт-оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында 9 сынып оқушылар арасында кітап оқу ұйымдастырылды.Мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру және оқу мәдениетін қалыптастыру.Бұл күні оқушылар өздерінің жүрегіне жақын, сүйікті кітаптарын таныстырып, әсерлерімен бөліседі. Әр кітап – бір әлем, ал оны бірге ашу – шабыт сыйлайтын тамаша