12
декабрь
2025
Қаржылық сауаттылық бойынша 16 оқу бейне сабақ
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының мектептер, арнаулы орта және жоғары оқу орындары үшін қаржылық сауаттылық негіздері бойынша оқу бағдарламаларының жобасын әзірлеу жөніндегі 71-тармағын орындау үшін, оның ішінде оқушылар мен арнаулы орта оқу орындары студенттерінің қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 12-15 жас аралығындағы балалар үшін оларға қолжетімді және түсінікті форматта, мемлекеттік және орыс тілдерінде қаржылық сауаттылық бойынша 16 оқу бейне сабақ әзірлеген.
Бұл бейне сабақтарда жеке бюджетті басқару, банктік картаны пайдалану ережелері, онлайн ойындардағы қауіпсіз шығындар, көп кездесетін қаржылық қателіктер және олардың алдын алу жолдары, оқуға қаражат жинақтау, инвестициялау негіздері, қаржылық алаяқтық және жеке қаржылық қауіпсіздік мәселелері сияқты тақырыптар қамтылған.