«Химия көшбасшысы» атты зияткерлік сайыс өтілді
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде 10-сынып оқушылары арасында химия пәнінен «Химия көшбасшысы» атты зияткерлік сайыс өтілді. Іс-шараны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің практиканттары және химия пәнінің мұғалімі Турганбаева Жанат Абдуллаевна ұйымдастырды. 🔬Интеллектуалды сайыстың мақсаты: Оқушылардың химия пәні бойынша білімдерін тереңдету, алған білімін өмірде пайдалана білуге үйрету, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту және ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру.