20
январь
2025
«Химия көшбасшысы» атты зияткерлік сайыс өтілді
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде 10-сынып оқушылары арасында химия пәнінен «Химия көшбасшысы» атты зияткерлік сайыс өтілді. Іс-шараны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің практиканттары және химия пәнінің мұғалімі Турганбаева Жанат Абдуллаевна ұйымдастырды.
🔬Интеллектуалды сайыстың мақсаты: Оқушылардың химия пәні бойынша білімдерін тереңдету, алған білімін өмірде пайдалана білуге үйрету, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту және ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру.
Сайыс барысында оқушылар өз білімдерін түрлі тапсырмалар арқылы сынап, қызықты тәжірибелер жасап, ғылыми ойлау қабілеттерін көрсетті.
👏 Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз! Ғылымға жолдарыңыз әрдайым ашық болсын!