Тәуелсіздік – ел тірегі 10 сынып оқушылары
Тәуелсіздік – ел тірегі Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 10-сынып оқушыларының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – оқушыларға Тәуелсіздіктің тарихи маңызын түсіндіру, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді арттыру. Концерттік бағдарлама барысында оқушылар Отан, еркіндік, ел бірлігі тақырыптарында әсерлі өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады, ұлттық би мен көріністер ұсынды.