15
декабрь
2025
«Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбында өткізілген тәрбие сағаты
«Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбында өткізілген тәрбие сағаты туралы
«Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбындағы тәрбие сағаты 4 «Б» сыныбында өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы түсінік беру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Сынып жетекшісі Баймагамбетова Б.Қ. тәуелсіздік ұғымының мағынасына тоқталып, еліміздің егемендікке жету жолындағы тарихи кезеңдер туралы әңгімеледі. Оқушылар Тәуелсіздік күні мен мемлекеттік рәміздер туралы өз білімдерін ортаға салды.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтты, тақырыпқа байланысты ойларын білдірді. Сұрақ-жауап және танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенділігі артты.
Сабақ соңында оқушылар тәуелсіз елдің азаматы болу – үлкен жауапкершілік екенін түсініп, елін, жерін сүюге тәрбиеленді. Тәрбие сағаты мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.