09
декабрь
2025
«Білімді біріктіру: STEAM технологиясы» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде математика пәнінің мұғалімі Әліш Алина «Білімді біріктіру: STEAM технологиясы» тақырыбында жас мамандар мен тәлімгерлерге арналған мазмұнды семинар-практикум өтті.
Семинардың мақсаты:
Жас мамандар мен тәлімгерлердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында STEAM технологиясының мазмұнын, мүмкіндіктерін және оны оқу үрдісіне тиімді енгізу жолдарын тәжірибелік жұмыстар арқылы меңгерту, сондай-ақ пәндерді ықпалдастыру негізінде оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған әдістермен таныстыру.
Бұл семинарда ғылым, технология, инженерия, өнер және математиканы бір арнаға тоғыстыратын STEAM тәсілінің мүмкіндіктері талқыланып, практикалық тапсырмалар арқылы жаңа әдістерді меңгеру мүмкіндігі ұсынылды.
Жас мамандардың жаңашылдығы мен тәлімгерлердің тәжірибесі ұштасқан бұл кездесу кәсіби дамуға, ой бөлісуге және білім сапасын арттыруға бағытталды. Бірлескен жұмыс – болашақ жетістіктердің берік негізі екені сөзсіз.
[media=]