08
декабрь
2025
“1836–1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Алматы қаласы,Жетісу ауданы,Сүйінбай атындағы №143 мектеп лицейде мектепшілік бақылау жоспар аясында"Тәуелсіздік-азаттығым бақ күнім" атты тарих онкүндігіне байланысты 7 «А» сынып оқушыларымен “1836–1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, негізгі кезеңдері, тарихи маңызы туралы терең мағлұмат алды. Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, тарихи құжаттармен жұмыс секілді әдіс-тәсілдер қолданылып, оқушылар белсенділік танытты. Сабақтың соңында оқушылар көтерілістің қазақ халқының бостандығы мен әділдік жолындағы күресте алатын орнына баға берді. Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, оқушылардың тарихи санасын дамытуға ықпал етті. Пән мұғалімі Әтшібай Құндыз Ақылсерікқызы
[media=]
[media=]