Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде «Мейірімді қақпақ» жобасы іске қосылды
09
декабрь
2025

Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде «Мейірімді қақпақ» жобасы іске қосылды

Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде «Мейірімді қақпақ» жобасы іске қосылды

Алматы қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес және «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде «Мейірімді қақпақ» экологиялық жобасы бастау алды. Мектептің барлық сыныптары акцияға қосылып, қақпақтар жинауда. 4 «Д» сынып оқушыларының істеген жұмыстарынан үзінді видеода көрсетілген.

Жобаның мақсаты:
Оқушыларды, мұғалімдерді және ата-аналарды қақпақтарды сұрыптап жинауға тарту арқылы экологиялық сауаттылықты арттыру, қалдықтарды бөліп жинау мәдениетін қалыптастыру, әрі қарай оларды қайта өңдеуге бағыттау. Сонымен қатар, оқушылар арасында экологиялық белсенділікті арттыру және үздік қатысушыларды ынталандыру.[media=]

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: