Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу.
25
февраль
2026

Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу.

Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейдің мектепішілік бақылауының жоспарына сәйкес бастауыш әдіс бірлестігінің «ЖИ дәуіріндегі жаңашыл ұстаз» атты онкүндігінде 3 ”Ә” сынып оқушыларымен математика пәнінен ашық сабақ өткізілді. Тақырыбы: Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу.
Білімдік мақсаты:
Оқушылар үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша бөлу алгоритмін меңгереді және есеп шығаруда қолданады. Жасанды интеллект (цифрлық білім беру платформалары, интерактивті тапсырмалар) арқылы өз қателерін анықтап, түзетуді үйренеді.

Дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың логикалық ойлау, талдау, салыстыру және қорытынды жасау дағдылары дамиды. Жасанды интеллект көмегімен берілген тапсырмаларды орындау барысында жылдам әрі дәл есептеу қабілеті жетілдіріледі.

Тәрбиелік мақсаты:
Цифрлық сауаттылыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа және заманауи технологияларды тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Пән мұғалімі: Тұрлығожа Зағира Айтуғанқызы.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: