Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Февраль 2025 года » Страница 3
8 " А" сынып оқушыларымен " Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі" тақырыбында  ашық сабақ өткізді.
18
февраль
2025
8 " А" сынып оқушыларымен " Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде, " Жаратылыс сыры-ғылымда" атты химия-биология,география онкүндігі аясында, биология пәні мұғалімі Бершімбекова Ақерке 8 " А" сынып оқушыларымен " Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтілді. Оқушылар тапсырмаларды қызыға орындады.
1 наурыз – Алғыс айту күні
18
февраль
2025
1 наурыз – Алғыс айту күні
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейі,1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып “мектеп парламент” жобасы аясында “Алтын жүрек” челленджін жолдайды. Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн. Бұрынғы бабаларымыздан «Жақсылық ұмытылмайды» деген жақсы ұғым қалыптасқан.Сондықтан - айтулы күн, ризашылық пен мейірімнің, бейбітшілік пен келісімнің үйлесім тапқан мерекесі. #Алтынжүрек2025 [media= ]
№143 мектеп-лицейінде  ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші болып өтті.
18
февраль
2025
№143 мектеп-лицейінде ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші болып
Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай және жастарды әскери-патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман. Тек сенен Есте қалған…» ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші болып өтті. Кешке ауған соғысы ардагерлері Майтпасов Арғынбек, Танабаев Алтынбек аталарымыз қатысып өз естеліктерімен бөлісіп болашақ ұрпаққа өз ақ тілектерін білдірді. [media= ]
10 “Б” сынып оқушысы Серік Меруерт “Үздік спикер” атағын жеңіп алды
18
февраль
2025
10 “Б” сынып оқушысы Серік Меруерт “Үздік спикер” атағын жеңіп алды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтарының жылы” деп жариялауына байланысты 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген “Еңбек-елдің тірегі:жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөлі” тақырыбында аудандық дебат турниріне қатысып, үздік 10-дықтың қатарынан көрінген 10 “Б” сынып оқушысы Серік Меруерт “Үздік спикер” атағын жеңіп алды, сонымен қатар турнирге қатысқаны үшін арнайы сертификатпен марапатталды.
1 наурыз – Алғыс айту күні
18
февраль
2025
1 наурыз – Алғыс айту күні
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейі,1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып “мектеп парламент” жобасы аясында мұқтаждар үшін азық-түлік жинаудан еріктілер акциясын ұйымдастырылды. Акцияға оқушылар мен ұстаздар белсенді атсалысуда, акция төрт күн болады, төрт күн бойы жиналған азық-түлікті тең бөліп мұқтаж отбасыларға таратылатын болады. Бұрынғы бабаларымыздан «Жақсылық ұмытылмайды» деген жақсы ұғым қалыптасқан. Сондықтан да айтулы күнге орай тек жақсылық жасап
«Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі» тақырыбында кездесу кеші болып өтті.
18
февраль
2025
«Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі» тақырыбында кездесу кеші болып
Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сәйкес, «Даналық мектебі» жұмысын жандандыру мақсатында 1-сынып әжелерімен «Әже даналығы» негізінде «Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі» тақырыбында кездесу кеші болып өтті. Кездесу барысында әжелеріміз немерлерінің тәтті қылықтарын айтып, бала тәрбиелеу жолындағы өмірлік кеңестерімен бөлісті. Кішкентай бүлдіршіндеріміз әжелеріне арнап өлең жолдарын оқып, әннен шашу шашты. Қазақ — басынан қандай нәубет өтсе
№143 мектеп-лицейінде ерекше танымдық және рухани азық сыйлайтын "Кітаптар күні" атты іс-шара өтті
17
февраль
2025
№143 мектеп-лицейінде ерекше танымдық және рухани азық сыйлайтын
2025 жылдың 14 ақпан күні Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде ерекше танымдық және рухани азық сыйлайтын "Кітаптар күні" атты іс-шара өтті.Бұл күннің басты мақсаты-оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру,кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру және оқу мәдениетін қалыптастыру Халықаралық кітап сыйлау күні 2012 жылдан бастап жыл сайын 14 ақпанда аталып өтеді. Мақсаты-кітаптың құдіретін арттырып, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту. “Балалар кітапханасы" жобасы аясында
"Жақсылық әлеміне саяхат"тақырыбында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған тренинг жүргізді.
17
февраль
2025
"Жақсылық әлеміне саяхат"тақырыбында ерекше білім беру қажеттілігі
Сүйінбай атындағы №143мектеп-лицейдің мектеп психологтары"Жақсылық әлеміне саяхат"тақырыбында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған тренинг жүргізді. Мақсаты:Балалардың мейірімділік, өзара көмек, және жақсылық жасау арқылы қоршаған ортаға позитивті әсер етуін дамыту. Өз сезімдерін түсіну және оларды басқару дағдыларын қалыптастыру. Қиындықтарды жеңе отырып, топтық жұмыс дағдыларын арттыру. [media= ]
10-11сынып оқушыларымен "Мамандық таңдау — болашаққа жауапкершілік" тақырыбында тренинг жүргізді.
17
февраль
2025
10-11сынып оқушыларымен "Мамандық таңдау — болашаққа жауапкершілік"
Сүйінбай атындағы №143мектеп-лицейдің мектеп психологтары 10-11сынып оқушыларымен "Мамандық таңдау — болашаққа жауапкершілік" тақырыбында тренинг жүргізді. Мақсаты:Оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіру, қазіргі қоғамда сұранысқа ие мамандықтар мен олардың болашағы жайлы мәлімет беру. Оқушыларды болашақ мамандық таңдауына дайын етіп, өз мақсаттарына жету жолында маңызды дағдылар мен түсініктер беру. [media= ]