18
февраль
2025
«Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі» тақырыбында кездесу кеші болып өтті.
Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сәйкес, «Даналық мектебі» жұмысын жандандыру мақсатында 1-сынып әжелерімен «Әже даналығы» негізінде «Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі» тақырыбында кездесу кеші болып өтті. Кездесу барысында әжелеріміз немерлерінің тәтті қылықтарын айтып, бала тәрбиелеу жолындағы өмірлік кеңестерімен бөлісті. Кішкентай бүлдіршіндеріміз әжелеріне арнап өлең жолдарын оқып, әннен шашу шашты. Қазақ — басынан қандай нәубет өтсе де, заман болса да ұрпағына үлағатты тәрбие бере алған халық. Ұлтжанды ұл, қылыкгы қыз тәрбиелеген. Ауылдың бір баласы тәрбиесіздік танытса, туған-туыс, бір рулы ел болып, қала берді бүкіл ауыл болып атсалысқан. Әсіресе, көпті көрген қарт ата мен әженің тәрбиесі үлкен рөл атқарған.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе», — дейді Мүхтар Әуезов. Ал бұл сөздің өз мәнінде жүзеге асуының түп негізін әжелер өнегесінен алып қарауымыз да заңды секілді. Бұл ұлағатты сөз кез келген адамды, ең алдымен, өз елінің салт дәстүріне деген жанашырлыққа, ұлттың ұлы мұратына деген адалдыққа, Отанға деген шынайы тазалыққа үйретері һәм имани нұрға жетелері хақ. Осыдан-ақ, әжелер мектебі — бұл ұғымды бойға тереңнен сіңіретін бірден-бір жол десек, еш қателеспеспіз.
[media=]