Ең көп оқитын отбасы жобасы
Ең көп оқитын отбасы жобасының мақсаты-отбасы институтының тәрбиелік рөлін күшейту, кітап оқуды отбасылық дәстүрге айналдыру және оқу арқылы тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау. Жоба ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, бірлесе кітап оқу барысында өзара түсіністік пен сыйластықты қалыптастыруды көздейді. Сонымен қатар, жоба мүшелерінің сөздік қорын байытуға, сыни ойлау қабілетін дамытуға, кітап арқылы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңіруге бағытталған.