Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
январь
2026

Ең көп оқитын отбасы жобасы

Ең көп оқитын отбасы жобасының мақсаты-отбасы институтының тәрбиелік рөлін күшейту, кітап оқуды отбасылық дәстүрге айналдыру және оқу арқылы тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау. Жоба ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, бірлесе кітап оқу барысында өзара түсіністік пен сыйластықты қалыптастыруды көздейді.

Сонымен қатар, жоба мүшелерінің сөздік қорын байытуға, сыни ойлау қабілетін дамытуға, кітап арқылы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңіруге бағытталған. Отбасында кітап оқуға қолайлы орта қалыптастыра отырып, жас ұрпақты рухани бай, білімді, мәдениетті, елжанды тұлға ретінде тәрбиелеуге ықпал етеді.

Жоба аясында оқуға деген қызығушылықты арттыру, бос уақытты тиімді пайдалану, кітапхана мен көркем әдебиетті кеңінен насихаттау да негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: