Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ыбырай Алтынсарин мен Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларына талдау жүргізілді
23
январь
2026

Ыбырай Алтынсарин мен Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларына талдау жүргізілді

Қазақ әдебиеті балалар айлығы аясында кітап оқитын клубтың жұмыс жоспарына сәйкес оқушылар арасында қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері Ыбырай Алтынсарин мен Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларына талдау жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, сондай-ақ адамгершілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік сияқты құндылықтарды насихаттау.

Талдау барысында Ы.Алтынсариннің тәрбиелік мәні зор әңгімелері мен Б.Соқпақбаевтың балалар психологиясын терең аша білетін көркем шығармалары оқылып, мазмұны талқыланды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға берді.

Іс-шара нәтижесінде оқушылардың әдеби талдау жасау дағдылары қалыптасып, кітап оқуға деген қызығушылығы артты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: