Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
III- дәрежелі дипломмен Сраймова Самал Сагатовна  марапатталды
30
сентябрь
2025
III- дәрежелі дипломмен Сраймова Самал Сагатовна марапатталды
Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай орта білім беру ұйымы педагогтері арасында өткен « Өлең –сөздің патшасы, сөз сарасы » атты қалалық мәнерлеп оқу байқауының III- дәрежелі дипломмен Сраймова Самал Сагатовна марапатталды.
8”б” сынып оқушысы Питебай Самал 2-орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.
29
сентябрь
2025
8”б” сынып оқушысы Питебай Самал 2-орынды иеленіп, дипломмен
Алматы қаласы, Жетісу ауданы 5-11 сынып оқушыларына арналған қала күніне орай өткізілген “Алматы-әсем қала” атты аудандық эссе байқауында 8”б” сынып оқушысы Питебай Самал 2-орынды иеленіп, дипломмен марапатталды. Пән мұғалімі: Сенбай Тұрсынбүбі Серікқызы
🎉 Алматы – сүйікті қалам, жеңіске бірге қадам! 🎉
19
сентябрь
2025
🎉 Алматы – сүйікті қалам, жеңіске бірге қадам! 🎉
🎉 Алматы – сүйікті қалам, жеңіске бірге қадам! 🎉 Бүгін сүйікті қаламыздың мерейлі мерекесіне орай Жетісу ауданының №2, №3 және №143 мектеп оқушылары арасында спорттық ойындар ұйымдастырылды. Жарыстар асық ату, тоғызқұмалақ, шахмат және қол күрестен өтті. Мектеп-лицейіміздің командасы тамаша нәтижелер көрсетті: 🥇 Асық атудан – I орын 🥇 Ұлдар мен қыздар арасында шахматтан – I орын 🥇 Ұлдар мен қыздар арасында қол күрестен – I орын Жеңімпаздарымыз аудан басшысының мадақтау қағаздарымен
2025-2026 оқу жылында инклюзия кабинеті жаңартылып, модернизацияланды.
05
сентябрь
2025
2025-2026 оқу жылында инклюзия кабинеті жаңартылып, модернизацияланды.
2025-2026 оқу жылында Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде инклюзия кабинеті жаңартылып, модернизацияланды. Қазіргі таңда инклюзия кабинетінде дамуы мен оқуында сонымен қатар мінез-құлқында қиындықтары бар балалар анықталып, диагностика жұмыстары жүргізілуде. [media= ]
5-сынып оқушыларының бейімделу кезеңі ерекше назарда ұсталып отыр
04
сентябрь
2025
5-сынып оқушыларының бейімделу кезеңі ерекше назарда ұсталып отыр
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде жаңа оқу жылында бастауыш буынды аяқтап, орта буынға қадам басқан 5-сынып оқушыларының бейімделу кезеңі ерекше назарда ұсталып отыр. Сынып жетекшілері оқушыларды күтіп алып, сабақ барысында әр сабақтың пән кабинеттеріне апарып, сабақ біткен соң ата-ана қолына табысталуда.
📚✨ 2025-2026 оқу жылындағы әдістемелік бірлестіктердің жиналысы
01
сентябрь
2025
📚✨ 2025-2026 оқу жылындағы әдістемелік бірлестіктердің жиналысы
📚✨ 2025-2026 оқу жылындағы әдістемелік бірлестіктердің Жаңа оқу жылы қарсаңында мектепте алғашқы жиналыстары өтті. Жиналыста жаңа оқу жылындағы мақсат-міндеттер айқындалып, оқу-тәрбие процесін жетілдіру жолдары талқыланды. Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім сапасын арттыруға бағытталған жоспарлар қабылдады. Жаңа жыл – жаңа ізденістер мен биік жетістіктердің бастауы болсын!
№1 педагогикалық кеңес
28
август
2025
№1 педагогикалық кеңес
2025 жылғы 27- тамыз күні Алматы қаласы Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асыруда біртұтас көзқарасты қамтамасыз ету, педагогикалық ұжымның 2025–2026 оқу жылындағы негізгі міндеттерін айқындау мақсатында бірыңғай педагогикалық кеңес өтті. Кеңеске Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Қайранбаева Айжан Түсіпбековна қатысып, педагогикалық ұжымға ҚР Президентінің, Оқу-ағарту министірінің білім
Республикалық бастау олимпиадасы
30
май
2025
Республикалық бастау олимпиадасы
Республикалық бастау (жаратылыстану 5 сынып) олимпиадасында Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің 5 сынып оқушылары Бекберген Адиля ІІ орын,Мейрамбекова Амина І орын дипломымен марапатталды. Жетекшісі Серикбаева Орынгул Алпысовна. Құттықтаймыз 🌷🌷🌷
Математика пәнінің мұғалімі Әліш Алина
22
май
2025
Математика пәнінің мұғалімі Әліш Алина
«Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия» Республикалық байқауына қатысып, жоғары кәсіби біліктілігін көрсеткені үшін Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің математика пәнінің Әліш Алина Балтаханқызы Алматы қаласы Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Алжанбаева Нурбану Турарбековна
21
май
2025
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Алжанбаева Нурбану Турарбековна
Испанияның астанасы Мадрид қаласында Қазақстан Республикасының Испаниядағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстандық Этнодизайнерлер Одағы делегациясы халықаралық мәдени және сән шарасына қатысып, ұлттық өнерімізді жоғары деңгейде таныстырды. Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шарада ұлттық киімдеріміз таныстырылып, қазақ мәдениетінің көркем келбеті Еуропа төрінде ерекше әсер қалдырды. «Ақ Кербез», «Дидар бренд» және «Ақтолқын» топтамалары еуропалық аудиторияның