21
май
2025
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Алжанбаева Нурбану Турарбековна
Испанияның астанасы Мадрид қаласында Қазақстан Республикасының Испаниядағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстандық Этнодизайнерлер Одағы делегациясы халықаралық мәдени және сән шарасына қатысып, ұлттық өнерімізді жоғары деңгейде таныстырды.
Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шарада ұлттық киімдеріміз таныстырылып, қазақ мәдениетінің көркем келбеті Еуропа төрінде ерекше әсер қалдырды.
«Ақ Кербез», «Дидар бренд» және «Ақтолқын» топтамалары еуропалық аудиторияның ықыласына бөленіп, сән көрсетілімінен кейін бірден сатылым тапты.
Аталған топтамалардың жарыққа шығуына өз үлесін қосып, бірнеше халықаралық көрмеде шеберлік сабағын көрсетіп ерекше көзге түсіп жүрген автордың бірі Қазақстандық Этнодизайнерлер Одағының мүшесі, Алматы қаласы Жетісу ауданы №143 мектеп-лицейдің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Алжанбаева Нурбану Турарбековна.Ұлттық болмысты халықаралық деңгейде дәріптеп жүрген әріптесіміз Нурбану Турарбековнамен мақтанамыз. Алдағы шығармашылық жұмыстарына сәттілік тілейміз.
Қазақстандық Этнодизайнерлер Одағы мүшелерінің табанды еңбектері өзге елдердің қазақ этностиліне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын және ұлттық киімдеріміздің заманауи әлемде лайықты орнын таба бастағанын көрсетті.
Этнодизайнерлер «Ұлттық өнер –мәңгілік» екенін Мадрид қаласындағы тарихи сәтте тағы бір дәлелдеп өтті. Этностильдегі киім үлгілері мен қолөнер туындылары Испан халқының зор қызығушылығын тудырды. Еліміздің дәстүрін танытып қана қоймай, оны табыс көзіне айналдырып отырған одақ мұшелеріне шығармашылық табыс тілейміз.