«Адал ұстаз» атты мектепішілік байқау өтті
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде мұғалімдер арасында «Адал ұстаз» атты мектепішілік байқау өтті. Байқаудың мақсаты – педагог мәртебесін көтеру, адалдық құндылықтарын насихаттау және ұстаздардың кәсіби шеберлігін паш ету болды. Сайыс барысында қатысушы мұғалімдер «адал ұстаз» ұғымының мәнін ашып, адалдық, әділдік, жауапкершілік және үлгі болу сияқты негізгі қасиеттерді өз тәжірибелерімен байланыстыра отырып түсіндірді. Мұғалімдер білім беру үдерісіндегі ашықтықтың маңызын, оқушыға деген