Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Үздік оқушы 2020”
10
декабрь
2020
“Үздік оқушы 2020”
Жетісу ауданы білім бөлімінің тапсырмасы бойынша Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейінде медиа-грид жоспарына сәйкес өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 2 турдан тұратын “Үздік оқушы 2020” білім сайысы өтті. Сайысқа 7-9 сынып арасынан 10 оқушы қатысып “Үздік оқушы 2020” 8”А” сынып оқушысы Әуелбек Азиза атанды. 2 орынды 8”Г” сынып оқушысы Қалыбекова Сезім 3 орынды 9 “А” сынып оқушысы Байжұма Айғаным иеленді
ҒЫЛЫМИ ЖОБА 2020
09
декабрь
2020
ҒЫЛЫМИ ЖОБА 2020
Жетісу ауданы №143 мектеп-лицейдің оқушылары желтоқсан айының 3-ші және 8-ші жұлдызы күндері аралығында «Дарын» қалалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне қатысты. Конкурс алғаш рет онлайн түрде өтті. Мектебімізден 12 жұмыс, 14 оқушы өз жұмыстарын өткізген болатын. Іріктеу кезеңнен 5 жұмыс 6 оқушы қорғауға жіберілді. Әділқазы алқаларының шешімі бойынша 2 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олар: информатика секциясы бойынша 10 сынып оқушысы Сартбай Санжар ІІІ -орын алды. Жетекшісі:
«ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ» атты эссе байқауы
07
декабрь
2020
«ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ» атты эссе байқауы
Жетісу ауданы,Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде Тұңғыш Президент күніне орай оқушылар арасында «ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ» атты эссе байқауы өтті. Мақсаты: Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
"Ақбота" интеллектуалдық марафоны
07
декабрь
2020
"Ақбота" интеллектуалдық марафоны
Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің оқушылары "Ақбота" интеллектуалдық марафонына қатысып, жүлделі I,ІІ және III орындармен сонымен қатар арнайы дипломдармен марапатталды. Оқушыларымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
ІІІ Республикалық  "Алтын қауырсын" байқауы
05
декабрь
2020
ІІІ Республикалық "Алтын қауырсын" байқауы
Алматы қаласы Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейінің 10 "Б" сынып оқушысы Сырғабай Айдана "ASIA EDUCATION" Халықаралық даму орталығымен қашықтықтан өткізілген ІІІ Республикалық "Алтын қауырсын" байқауына жіберген "Болашақ біздің қолымызда" тақырыбындағы шығармасы ең үздік танылып І орын дипломымен марапатталды. Жетекшісі: Мынбаева Айнажан. Құттықтаймыз 🌹🌹🌹
"Дара бала"  байқауының "Бейнелеу өнері" номинациясы
28
ноябрь
2020
"Дара бала" байқауының "Бейнелеу өнері" номинациясы
Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейдің 7 "А" сынып оқушылары Шахамаран Марал және Мүсілім Аружан Республикалық "ДАРА БАЛА" журналының қолдауымен ұйымдастырылған мектеп жасындағы балалар арасында өткен "Дара бала" байқауының "Бейнелеу өнері" номинациясы бойынша ерекше өнер көрсеткені үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Алжанбаева Нұрбану. Құттықтаймыз 💐💐
Тұңғыш Президенті" күніне орай Республикалық байқау
27
ноябрь
2020
Тұңғыш Президенті" күніне орай Республикалық байқау
Алматы қаласы Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейінің 1 "В" сынып оқушылары Бақытбек Айару, Омарбек Хамза, Аймахан Еркежан, Досан Анара, Ракымова Аяулым Республикалық ғылым және білімді қолдау "Тіл, өнер & білім" орталығы мен "Қазақ елі - Мәңгілік ел" журналымен бірлесе ұйымдастырылған "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті" күніне орай Республикалық байқауында "көркем жазу" номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕ дипломымен марапатталды. Жетекшісі: Умирбаева Гульзира Құттықтаймыз
"Жеті Өнер" IV-Халықаралық шығармашылық фестиваль-конкурсы
20
ноябрь
2020
"Жеті Өнер" IV-Халықаралық шығармашылық фестиваль-конкурсы
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің 5 «В» сынып оқушысы Есенаман Айгерім "Жеті Өнер" IV-Халықаралық шығармашылық фестиваль-конкурсында көрсеткен айрықша өнері, дарынды қабілеті мен рухани өркендеу жолындағы еңбегі үшін "Көркем сөз"номинациясы бойынша А.Құнанбаевтың "Күз" өлеңін оқып II ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Сарсенова Гулжан Аскаровна
«Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасы
20
ноябрь
2020
«Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы карантин күндері ақын-жазушылар, журналистер, мәдениет қайраткерлері және қатардағы азаматтарымыз әлеуметтік желіде «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасын қолдайтынын білдіре отырып, өзіде оқуға 30 кітаптың тізімін ұсынған еді. Осы игі істі жалғастыру мақсатында оқушылардың күзгі демалыс уақытын пайдаланып, № 143 мектеп-лицейдің 8 А сынып оқшылары осы эстафетаны қолға алды.
Құттықтаймыз
18
ноябрь
2020
Құттықтаймыз
Құттықтаймыз 💐💐💐 Сүйінбай атындағы 143 мектеп-лицейдің 9 "Ә" сынып оқушысы Жунусова Аяжан Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиада 1150 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша үздік нәтиже көрсетіп ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Серикбаева Орынгул Алпысовна