Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
3«А»  сынып оқушысы Нұрлан Байсұлтан
21
сентябрь
2022
3«А» сынып оқушысы Нұрлан Байсұлтан
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің 3«А» сынып оқушысы Нұрлан Байсұлтан дзюдодан ашық турнирде өнер көрсетіп,І дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз! 💐
"Алтын қазына"қалалық  көркем өнер және сәндік қолданбалы балалар шығармашылығы көрме-байқауы
16
сентябрь
2022
"Алтын қазына"қалалық көркем өнер және сәндік қолданбалы балалар
Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің оқушылары қатысып дипломмен марапатталды.Ал жетекшілері -Ибрагимова Гульмира Сыдыкжановна мен Алжанбаева Нұрбану Турарбековна алғыс хатпен марапатталды. Өнер сүйер шәкірттерімізге алғыс айтамыз!🌹🌹🌹🌹🌹 на
9«В» сынып оқушысы Бегзат Жібек
16
сентябрь
2022
9«В» сынып оқушысы Бегзат Жібек
Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің 9«В» сынып оқушысы Бегзат Жібек "Алтын қазына"қалалық көркем өнер және сәндік қолданбалы балалар шығармашылығы көрме-байқауының ІІ -орын иегері атанды.Жетекшісі -Алжанбаева Нұрбану Турарбековна. Алдағы уақыттарда тек биіктерден көріне беріңіздер!🌹🌹🌹
10"В"сынып оқушысы  Ертай Мерей Ерболқызы
16
сентябрь
2022
10"В"сынып оқушысы Ертай Мерей Ерболқызы
Алматы қаласы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен өткен оқушылар арасындағы "Балалар ядролық қауіп-қатерге қарсы!"тақырыбында өткен плакаттар сайысында Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейдің 10"В"сынып оқушысы Ертай Мерей Ерболқызы ІІ орынға ие болды.Жетекшісі: Марзен Марлен. Құттықтаймыз!🌹🌹🌹🌹🌹
«Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық» тақырыбында мақаласы жарық көрді.
07
сентябрь
2022
«Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық» тақырыбында мақаласы жарық көрді.
Жетісу ауданы №143 мектеп-лицей директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаева Дарига Едилбаевнаның 2022 жылдың тамыз айындағы №08(959-журнал) « Білім айнасы »№08(959-журналындағы)«Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық» тақырыбында мақаласы жарық көрді. «Жанашырлыққа-жан риза»дегендей аз қамтылған және көпбалалы қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып,аялы алақанын тосып,жүрек жылуын ұсынып,сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.Игі бастамаға №143
“ЖАС ДАРЫН” өнер байқауы
11
декабрь
2021
“ЖАС ДАРЫН” өнер байқауы
X Халықаралық балалар,жасөспірімдер мен жастарға арналған “ЖАС ДАРЫН” өнер байқауында “ТОМИРИС” би ансамблі I орын алғаны үшін ДИПЛОММЕН марапатталды Жетекшісі:Есентаева Актолкын Умирбековна
"Алматы-Тәуелсіздіктің алтын бесігі"
10
декабрь
2021
"Алматы-Тәуелсіздіктің алтын бесігі"
Алматы қаласы "Оқушылар сарайы" Туристік-өлкетану бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген "Алматы-тәуелсіздіктің алтын бесігі" атты ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қалалық онлайн олимпиадасына қатысып "Тәуелсіздіктің 30 жыл ішіндегі Алматы қаласының жетістіктері"номинациясы бойынша Жетісу ауданы №143 мектеп-лицейдің 7 "В"оқушылары Асылбек Диляра ІІІ орын дипломмен,ал Боранбаева Алмагүл сертификатпен марапатталды.Жетекшісі-Марзен Марлен.
“Үздік сынып сағаты”
09
декабрь
2021
“Үздік сынып сағаты”
Тәуелсіз Қазақстанның 30жылдығына орай рухани әлеуметтік даму жолында және білім беру саласында жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп,сапалы білім, саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін және де “Үздік сынып сағатын” өткізуге үлкен педагогикалық үлес қосқаны үшін Сүйінбай атындағы №143мектеп-лицейінің мұғалімдері ГРАМОТАМЕН марапатталды
"Отбасылық оқу"номинациясы
09
декабрь
2021
"Отбасылық оқу"номинациясы
Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің 9 "А" сынып оқушысы Рысқали Амина Еркебұланқызы Алматы қаласы білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен"Отбасылық тәрбие мектебі "Алматының мақсатты жобасы "Отбасылық оқу"номинациясының ІІІ дәрежелі жүлдегері атанды.Жетекшісі:Каймолдина Лаура Бақытжаровна.