Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жасыл мектеп" жылыжай жобасының жұмысымен танысу мақсатында Білім және Ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов мырза келіп, ұстаздар мен оқушылард
26
октябрь
2021
"Жасыл мектеп" жылыжай жобасының жұмысымен танысу мақсатында Білім
Жетісу ауданы , Сүйінбай атындағы 143 мектеп-лицейдің аумағында Б.Өтемұратов қорының қолдауымен салынған "Жасыл мектеп" жылыжай жобасының жұмысымен танысу мақсатында Білім және Ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов мырза келіп, ұстаздар мен оқушылардың бірігіп жасаған жылыжай жұмысымен және жылыжайда өсірілген өнімдерімен танысты.
2"В" сынып оқушысы Бақытбек Айару
25
октябрь
2021
2"В" сынып оқушысы Бақытбек Айару
Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы 143 мектеп-лицейдің 2"В" сынып оқушысы Бақытбек Айару "Арайлы алтын күз" атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер және студенттер арасындағы өнер байқауына қатысып, " Аспапта ойнау" жанры бойынша 3 орын дәрежесіне ие болды. Сынып жетекшісі: Умирбаева Г.Д
"Белсенді жас маман" номинациясымен марапатталды
23
октябрь
2021
"Белсенді жас маман" номинациясымен марапатталды
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі, жас маман Куккузов Темирлан Мерекеевич аудандық жас мамандармен өткен "Педагогикалық тандем" байқауына қатысып, "Белсенді жас маман" номинациясымен марапатталды. Құттықтаймыз! 💐
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Әтшібай Құндыз Ақылсерікқызы
22
октябрь
2021
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Әтшібай Құндыз Ақылсерікқызы
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Әтшібай Құндыз Ақылсерікқызы аудандық "Үздік өзін-өзі тану пәні мұғалімі" байқауына қатысып, жүлделі І орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз! 💐
9 "Б" сынып оқушысы Уринбасар Даулет
22
октябрь
2021
9 "Б" сынып оқушысы Уринбасар Даулет
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің 9 "Б" сынып оқушысы Уринбасар Даулет Талдықорған қаласында 2006-2007ж жасөспірімдер арасындағы Алматы облысы чемпионатында бокстан І орынды иемденді.Құттықтаймыз💐💐💐
9 "Ә" сынып оқушысы Есенаман Дарын Ғалымұлы
21
октябрь
2021
9 "Ә" сынып оқушысы Есенаман Дарын Ғалымұлы
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің 9 "Ә" сынып оқушысы Есенаман Дарын Ғалымұлы Қапшағай қаласындағы«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен «Өнерлі қол-бақытқа жол» командалық өнер кешінде өз өнерімен көзге түсіп,«Ең ерекше топ» кубогімен марапатталды.
" АИТВ және оның алдын алу шаралары " тақырыбында дәріс оқыды
20
октябрь
2021
" АИТВ және оның алдын алу шаралары " тақырыбында дәріс оқыды
Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің мектепішілік жоспарына орай 8-9 сыныптың ұлдарына Алматы қалалық ЖИТС пен күресу орталығының дәрігері Үсенкұл Мадина " АИТВ және оның алдын алу шаралары " тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс соңында оқушылармен сұрақ-жауп ретінде пікір алысты.. Мақсаты: Оқушыларға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін және оның зиянды жақтарын түсіндіре отырып, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
"Тәлімгерлер" айлығы
19
октябрь
2021
"Тәлімгерлер" айлығы
№143 мектеп-лицейдің мектепішілік жоспарына сәйкес "Тәлімгерлер" айлығында жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету аясында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сисенова Балнұр Болатқызы "Hurricane Katrina: the tragedy of New Orleans"тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: Өзара тәжірибе алмасу арқылы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, пікір алмасу.
"Тәлімгерлер" айлығы
19
октябрь
2021
"Тәлімгерлер" айлығы
№143 мектеп-лицейдің мектепішілік жоспарына сәйкес "Тәлімгерлер" айлығында жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету аясында математика пәнінің мұғалімі Себдайырова Ғазиза Манапқызы 11 "А" сыныбымен "Алғашқы функция және интеграл" тарауы бойынша қайталау есептерін шығару тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: Өзара тәжірибе алмасу арқылы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, пікір алмасу.
9 "В" сынып оқушысы Мықтыбеков Диас
19
октябрь
2021
9 "В" сынып оқушысы Мықтыбеков Диас
Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейдің 9 "В" сынып оқушысы Мықтыбеков Диас Алматы қаласында өткен таэквондодан ашық кубогында І орын дипломымен марапатталды.