Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу
02
сентябрь
2021
Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 9-сынып оқушыларымен Жетісу аудандық полиция басқармасының ЖПҚБ ювенальдық полиция бөлмішесінің инспекторы аға лейтенант Сәлменов Р.Б түсіндірмелі әңгіме жүргізді. Әңгіме барысында оқушыларға түңгі сағат 22.00-ден кейін ата-ананың қарауынсыз көшеде жалғыз жүруге болмайтындығы ескертілді. Күнделікті сабақ барысынан кешікпеу, себепсіз сабақтан қалмау туралы айтылды.
V Халықаралық «Жарқын жұлдыз»  өнерпаздар байқауына «Көркем сурет» жанры
07
август
2021
V Халықаралық «Жарқын жұлдыз» өнерпаздар байқауына «Көркем сурет»
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің 6«а» сынып оқушысы Райымбек Аяжан Даниярқызы бүлдіршіндер,оқушылар мен жасөспірімдер арасында өткен V Халықаралық «Жарқын жұлдыз» өнерпаздар байқауына «Көркем сурет» жанры бойынша Ж.Жабаевтың 175 жылдығына орай «Графикалық портрет» тақырыбында сурет салып, I дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі-Алжанбаева Нұрбану Тұрарбековна.
«Өнер ордасы» шығармашылық бейнелеу өнері
21
июль
2021
«Өнер ордасы» шығармашылық бейнелеу өнері
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің 1«В» оқушысы Досан Анар Асхатқызы «Өнер ордасы» шығармашылық бейнелеу өнерінің шеберханасында тәжірибе алмасуға, рухани ұлттық өнеріміздің дамуына белсене атсалысып, ерекше шығармашылығымен көзге түсті. «Өнер ордасы» шығармашылық бейнелеу өнері бірлестігінің жетекшісі,мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері,«Құрмет» орденінің иегері, Ресей көркемсурет Академиясының құрметті мүшесі, Қазақстан көркемсурет Академиясының академигі Тілеуберді
1 сыныпқа қабылдау
16
июль
2021
1 сыныпқа қабылдау
Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі 1-сыныпқа алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балаларды қабылдайды. 2021-2022 оқу жылы 1-сыныпқа 340 мыңнан аса бала қабылдау жоспарланып отыр. Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады: 🔻Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар); 🔻Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 🔻«Бала денсаулығы паспорты»; 🔻3х4
11-сынып оқушысы Асқарұлы Омардың өлеңдер жинағы жарыққа шықты
13
июль
2021
11-сынып оқушысы Асқарұлы Омардың өлеңдер жинағы жарыққа шықты
Алматы қаласы Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей. Мектебіміздің талантты оқушысы,жас ақын, болашағынан үлкен үміт күттіріп отырған 11-сынып оқушысы Асқарұлы Омардың өлеңдер жинағы жарыққа шықты. Біз шәкіртімізбен мақтанамыз. 💐💐💐💐💐💐💐
АИГА греплингі бойынша Қазақстан Республикасы  Чемпионаты
21
июнь
2021
АИГА греплингі бойынша Қазақстан Республикасы Чемпионаты
АИГА греплингі бойынша Қазақстан Республикасы Чемпионатында 12-13 жас аралығында ІІ орын алғаны үшін Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейдің 7 "А" сынып оқушысы Нуртлек Маршалхан дипломмен марапатталды.
9,11 сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдерімен жиналыс
05
июнь
2021
9,11 сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдерімен жиналыс
2021 жылдың 24 мамыр күні Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің 9,11 сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдеріне мектеп әкімшілігі ОФЛАЙН форматта коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу іс-шаралары кезеңінде негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттауды 2020-2021 оқу жылында ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықпен таныстырып өтті. КҮН ТӘРТІБІндегі қаралған мәселелер: 1. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу
«Мұғалімдер арасында күйзелістің алдын-алу» тақырыбы бойынша тренинг жүргізілді
05
июнь
2021
«Мұғалімдер арасында күйзелістің алдын-алу» тақырыбы бойынша тренинг
Алматы қаласы Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143 мектеп- лицей психологтарының ұйымдастыруымен «Мұғалімдер арасында күйзелістің алдын-алу» тақырыбы бойынша тренинг жүргізілді. Тренинг мақсаты: педагогтардың кәсіби дамуына психологиялық қолдау көрсету, жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру. Өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, мақсаткерлік, кешірімділік туралы ойларын жетілдіру мақсатында жүргізілді.
Бөлме гүлдері
05
июнь
2021
Бөлме гүлдері
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Ж. Жакибаева мен кіші қызметкерлер мектебіміздегі бөлме гүлдерін жаңа ыдыстарға отырғызып, гүлдерді күтіп-баптау жұмыстарын жүргізуде әрі ыдыстардан бөліп алып, гүлдер санын көбейтуде. Бөлменің сәнін келтіретін үй өсімдіктері мен гүлдер ерекше күтімді қажет етеді. Сондықтан дәліздегі бөлме гүлдерін аптасына 1-2 рет жылы сумен жуып тұрады. Сонымен қатар бөлме гүлдерін әдемі етіп өсіру мен баптауға арналған кейбір