30
ноябрь
2021
ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАР МЕН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ




Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орайластырылған ғылыми сайыстарды өткізуді Елбасы кітапханасы «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен ұйымдастырылған жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында "ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ" үздік ғылыми зерттеу жобасының республикалық сырттай конкурсында Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Жорабек Еркебулан Калижанулы ll дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тастамбекова Риза Муратовна "Алғыс хат" алды.
Марапаттауға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры директорының орынбасары Әнуар Жанғозин, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов, т.б. қатысты.
Оқушымыз бен жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз.