Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
9"Г" сынып оқушысы Аханова Балсая
21
сентябрь
2021
9"Г" сынып оқушысы Аханова Балсая
Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейінің 9"Г" сынып оқушысы Аханова Балсая "Намыс" спорт клубы ұйымдастырған жастар арасында бокс бойынша турнирде І орын дипломымен марапатталды.
22- қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер мерекесін мерекелеу
20
сентябрь
2021
22- қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер мерекесін мерекелеу
Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде 22- қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер мерекесін мерекелеу қарсаңында ,Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойын ұлықтау барысында «Қазақ тілі-тәуелсіздіктің қуатты тірегі» атты тілдер онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті.Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар онкүндік барысына белсенді қатысуларыңызды сұраймыз.
Өзін-өзі басқару ұйымы
20
сентябрь
2021
Өзін-өзі басқару ұйымы
Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейі, өзін-өзі басқару ұйымының президенті Анарқұл Аружан, вице-президент Бателхан Алмат, “Адал ұрпақ” ерікті мектеп клубының көшбасшысы Шайбек Айбала, “Сөз төркіні” дебат клубының көшбасшысы Абдынасылым Аружан мектеп-лицей директоры Өмірбек Айтуғанұлының қабылдауында болды. Қабылдау барысында мектеп-лицей директоры оқушыларға көшбасшылық, ұйымшылдық, жаңашылдық туралы айтты, сонымен қатар оқушылар алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті
"Әлеуметтік желінің әсері" тақырыбында дебат өткізілді
18
сентябрь
2021
"Әлеуметтік желінің әсері" тақырыбында дебат өткізілді
Өскелең ұрпақтың ғаламтор желісіне деген көзқарасын дұрыс қалыптастыра білу және дебат клубы мүшелерінің бір-бірінің ойын сыйлай отырып ортақ шешімге келу мақсатында Сүйінбай атындағы 143-мектеп лицейінің "Сөз төркіні" дебат клубының ұйымдастыруымен "Әлеуметтік желінің әсері" тақырыбында дебат өткізілді. Тілге жүйрік, сөзге шешен клуб мүшелеріне зор алғыс білдіреміз!
11Б сынып оқушысы  Зейтов Диляр
17
сентябрь
2021
11Б сынып оқушысы Зейтов Диляр
Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143 мектеп- лицейдің 11Б сынып оқушысы Зейтов Диляр Талдықорған қаласында еркін күрестен өткен командалық турнирде III орынды иемденді. Құттықтаймыз!!! 💐💐💐💐💐
Математика пән мұғалімі Себдайрова Ғазиза Манаповна
14
сентябрь
2021
Математика пән мұғалімі Себдайрова Ғазиза Манаповна
Жаңашыл-ұстаз,заман талабы!!! Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейдің математика пән мұғалімі Себдайрова Ғазиза Манаповна 11" А" сынып оқушыларымен " Призманың жазбасы, бүйір және толық бетінің ауданы " тақырыбында шеберлік сағатын өткізді .Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытты.
Бастауыш сынып пән мұғалімі  Күнбасова Гүлжамал
13
сентябрь
2021
Бастауыш сынып пән мұғалімі Күнбасова Гүлжамал
Сүйінбай атындағы 143 мектеп-лицейдің 1 "ә" сынып оқушылары мен "Хайуанаттар бағында" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар рөлдік ойындар ойнап, өз белсенділіктерін көрсетті.
География пән мұғалімі Серікбаева Орынгүл Алпысқызы
13
сентябрь
2021
География пән мұғалімі Серікбаева Орынгүл Алпысқызы
Сүйінбай атындағы 143 мектеп-лицейдің ұстаздары дарынды шәкірттерімен оқушылардың зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту, педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыруды жүзеге асыру мақсатында жүргізілетін ғылыми жоба байқауына дайындықты бастап кетті. География пән мұғалімі Серікбаева Орынгүл Алпысқызы 10 "ә" сынып окушысы Асылбек Айшамен бірге " Шоктығы биік -Шоқан" тақырыбындағы ғылыми жоба барысын талқылауда.
"Өзін өзі басқару" ұйымының Президенттігіне сайлау өткізілді
12
сентябрь
2021
"Өзін өзі басқару" ұйымының Президенттігіне сайлау өткізілді
Сүйінбай атындағы 143 мектеп-лицейде оқушылар арасында құрылған "Өзін өзі басқару" ұйымының Президенттігіне сайлау өткізілді. Еліміздің болашағы жастардың қолында екені анық. Мектеп-лицей өз шәкірттерімен мақтанады!!!
"ЖАСЫЛ МЕКТЕП" семинар
11
сентябрь
2021
"ЖАСЫЛ МЕКТЕП" семинар
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде Б. Өтемұратов қорының ұйымдастыруымен Алматы қаласы мектептерінде "ЖАСЫЛ МЕКТЕП" алғашқы жылыжайлары ашылып, биылғы оқу жылында тәлімгерлер биология бойынша тәжірибелік және факультативтік сабақтарын жылыжайда өткізеді. Осыған орай мектебімізде қала мектептерінің мұғалімдеріне арнайы мамандар келіп, семинар өткізуде.