15
октябрь
2025
«35 игі іс» акциясы аясында
25-қазан Республика күніне орай «35 игі іс» акциясы аясында Алматы қаласы Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143мектеп-лицейдің 5 “Г”сынып оқушылары “Наш дом”қарттар үйінің қарттарын арнайы барып құттықтап, оларға мерекелік шара ұйымдастырды.
Қызметкерлерге ата-әжелерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, шағын концерт ұйымдастырды. Өнерлі жастардың жүрекке жылы тиер жырлары мен әуезді әндері қарттардың жанын жадыратты. Әр орындау ерекше әсер қалдырып, жүздерінде қуаныш пен сағынышқа толы сезім байқалды. Бірі толқып үнсіз тыңдаса, енді бірі көз жасына ерік берді.
Концерттен кейін барлығы әкелген тағамдар мен тәттілерден дәм татты. Әңгіме-дүкен үстінде қарттар өмірлік естеліктерімен бөлісіп, жастық шағын еске алды және көрсетілген ілтипат үшін алғыстарын білдірді.
Сынып жетекшісі:Сағатқан Г.Т