Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Қыран елім – Қазақстаным” тақырыбында “ Томирис” би ансамблінің флешмобы
22
октябрь
2025

“Қыран елім – Қазақстаным” тақырыбында “ Томирис” би ансамблінің флешмобы

“Қыран елім – Қазақстаным” тақырыбында “ Томирис” би ансамблінің флешмобы🇰🇿🇰🇿

Мектеп алаңында ерекше әсерлі көрініс орын алды. “Томирис” би ансамблі “Қыран елім – Қазақстаным” тақырыбында патриоттық флешмоб ұйымдастырды. Шара 25-қазан Республика күніне және ұлттық рух пен бірлікке арналған.

Бишілер ұлттық нақыштағы киімдер киіп, заманауи және дәстүрлі би элементтерін үйлестіре отырып, Отанға деген сүйіспеншілікті, елдің тарихы мен мәдениетін би арқылы жеткізді. Әуен ретінде
заманауи патриоттық музыка таңдалды. Қимыл-қозғалыстары үйлесімді, жігерлі, мағыналы болды.

Флешмоб көрермендерге ерекше әсер қалдырып, елге, жерге деген мақтаныш сезімін оятты. Бұл – жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін би арқылы білдіруінің жарқын көрінісі болды.
Жетекшісі Есентаева Ақтолқын

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: